ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Физика курсын оқыту кезінде есеп шығару басты орын алады.  Есепті шығару кезінде физиканың негізгі заңдарын түсіну оларды практикада қолдану, өрнектерін есте сақтау мен қолдану шекаралықтарын анықтауға болады.

Есеп шығару әлемнің материалдық заңдарын, жалпы формаларын қолдану мен танымдық роль атқарады. Есеп шығара білу бағдарламалық материалдары толық меңгергендікті көрсетеді.

Әрбір физикалық есептің мазмұнына бір немесе бірнеше негізгі заңдарды қолдануға арналған мазмұндар енгізіледі. Сондықтан есеп шығару алдында теориялық материалдарды қайталап, оны көрнекті ететін материалдарды дайындау қажет.

Теориялық материалдарды меңгермей тұрып, қарапайым физикалық есептерді шығару айтарлықтай жетістікке жеткізбейді.

2. Жай есептеулерге арналған есептердің шешуін төрт кезеңге бөлуге:

а) есептің шартын талдау, оны көрнекті ету, мағынасына сай көрнекілік, сүлбе немесе сызуын сызу.

б) физикалық шамаларды байланыстыратын алгебралық теңдеулерді құру.

в) құрылған теңдеулерді белгісіз шамаларға қатысты шешу;

г) Есептің шығындысын талдап, есептеп шығару. Егер есептің шарты түсінікті, қарапайым болса, онда есепті шешудің бірнеше кезеңінде келтірілген іс-әрекетті жасамай-ақ қоюға болады.

Екінші - физикадағы белгілі заңдар  мен өрнектердің өрнектерін жазу қарастырып отырған  физикалық процесті сипаттайтын теңдеулер жүйесін құрады.

Осындай талдаулардан соң бірнеше теңдеулер құрылады. Ол теңдеулерге белгісіз шама мүше ретінде енеді де, физикалық есеп математикалық теңдеуге айналады.

Физикалық есепті шығаруға қажетті өрнекті алғаннан кейін белгісіз шама басқа физикалық шамалардың өзгерісіне байланысты қалай өзгеретінін анықтау қажет.  Мұндай талдау  білім алушының физикалық ойлау қабілетін арттырады. Қарастырып отырған физикалық құбылыс жөніндегі ой-өрісін кеңейтеді.  Алынған функционалды тәуелділіктің ерекше қасиеттерін айқындайды. Осыдан кейін барып, есептеуге арналған өрнекке сан мәндерін қойып, физикалық шамалардың мәндерін есептеуге болады.

3. Есепті талдаған кезде физикалық құбылыстарды сипаттайтын өрнектерді құрғанда кейбір шамалардың векторлық қасиетін еске алу қажет. Бұл шамаларды толық анықтау үшін оладың шамаларын ғана ескеріп қоймай, сонымен бірге бағыттарын да ескеру қажет. Бұл екі шама кез келген векторлық шаманың ажырамайтын екі сипаттамасы болып табылады.

Егер кез келген векторлық шама өзгеретін болса, оның бағытымен сан мәні (модулі) жоқ па? Векторлардың модульдері мен бағыттары бірдей болғанда оларды бірдей векторлар деп атайды.

4. а) Берілу түріне қарамастан барлық есептерді жалпы түрде шешу керек. Есепті осындай жолмен шешкенде онда физикалық заңдардың ізі қалып отырады.

б) Есептің шартымен танысқаннан кейін оқушылардың назарын белгісіз шаманы анықтауға тырыспау қажет. Өйткені есепті шешу процесі кезінде физикалық есептің өрнектерін жазып, математикалық есепке көшіру керек.

Ол үшін есепте келтірілген физикалық құбылыстарды нақты елестету мен есептің негізіне қандай физикалық заңдар алынғандығын, ол заңдардың математикалық өрнектерін еске түсіру талап етеді.

 в) Физикалық есепті жақсы түсіну үшін есеп шартына байланысты сызбасы мен сүлбе салып шартты түрде болса да, қарастырып отырған физикалық құбылысты сипаттайтын шамаларды көрсетеді.

г) Сызуды салғаннан кейін есептің шартын тағы да қайталап оқып, сызуда қандай шамалар көрсетілген, қандай шаманы анықтау керектігін қайталап ескертеді.

д) физикалық заңдар  мен өрнектердің көмегі арқылы барлық шамалардың арасындағы математикалық тәуелділікті анықтайды. Нәтижесінде берілген немесе анықтауға қажетті шамалар үшін бір  немесе бірнеше теңдеу алынады.

е) Құрастырылған теңдеулер жүйесін шешу үшін қажетті шарт теңдеулер санымен белгісіздер сандарының бір-біріне теңдігін еске алу қажет.

5. Есептің жалпы шешуін алған кейін оны талдап әрі қарай шешумен есептеуге көшуге болады. Есепті шешер алдында бірліктер жүйесін таңдап алу керек.